Қателесу, шатасу, жақылысу, адасу, алжасу, жаңылу, жаңсақтау, шатастыру

lat: Qatelesý, shatasý, jaqylysý, adasý, aljasý, jańylý, jańsaqtaý, shatastyrý

Ағат ic icтey, тepic жолға түсу .

Сержант қателессе , бөлімше қырылады, - дейді командир. Момышұлы).

Менің ойым да, жағдайым да тіптен шатасты. Мыңжасарова).

Әрине, мұндай есептен жақылысу көп жабдықты ат үcтi жасауға әкеп соқтырған (I. Омаров).

Мұндай арпалыс үстінде жас адамда толқу, адасу болмай тұрмайды. Иманжанов).

Алжасып тұрған шығарсың, кім керек eдi (X. Есенжанов).

Жаза баспас жаңылып , махаббат күйі өктем ғой, сарғая күткен сағынып, ғашығы сырдың көктем ғой. Оңалбаев).

Көз сүрініп, қол жаңсақтамас үшін қатар-қатар қамыс қада қағып қойған дұрыс. Әбдіразаков).

Бекет қартқа дұрыс мәлімет бермей, қасақана шатастырып отырған сияқты. Зәкенов).